"Бастауыш білім беру" мамандығы бойынша «Педагогикалық практика – болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізі»

17.04.2023

2023 жылдың 14 сәуірінде М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінде "Бастауыш білім беру" мамандығы бойынша «Педагогикалық практика – болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізі» атты студенттердің дипломалдындағы практикасының қорытынды конференциясы өтті Мақсаты: дипломалдындағы тәжірибені қорытындылау, жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру негізінде түлектердің практикалық дайындық деңгейінің сәйкестігін анықтау. Бауыржан Момышұлы «Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет»,- дегендей «ҚР Білім беру мазмұнының жаңаруы» бойынша студенттеріміз өз сабақтарын жаңартылған бағдарлама негізінде сабақ құрылымымен, қандай әдіс-тәсілдерді қолданғандары жайлы таныстырды. Әдіскер Н.В. Тимошенко, А.К. Муратова студенттердің дипломалды практикасының жұмыстарын талдай отырып, педагогикалық практикаға жалпы баға берді. Сонымен қатар «№7 орта мектебінің»КММ бастауыш сынып мұғалімі Е.М. Сенкина және «Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінің» КММ бастауыш сынып бойынша оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі М.Т. Бакеева студенттердің тәжірибеде атқарған жұмыстарын бағалап, кеңестер мен ұсыныстар берді. Конференция соңында директордың оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары А. М. Жакина дипломалдындағы практиканы қорытындылап, студенттерге қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілетті маман болуларына жылы лебізін білдірді. Болашақ ұстаздарға жақсы маман иелері атануға тілектеспіз. Барлықтарыңызға сәттілік!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст